Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның жылу электр орталықтарының жартысынан астамы тәуекел аймағында» деп атап өтті.


Общество / 27 июн 2023 14

Өткен аптада «AMANAT» Фракциясы мүшелері теміртау қаласының жылумен қамту объектілерінің жай-күйімен танысты. Миттал мырза иелік ететін 2-ТЭЦ-тың жөндеу жұмыстары графикке сәйкес келмейді. Котел, турбогенераторларды жөндеуге келісім-шарттар жасалмаған, басқа да жөндеу жұмыстары баяу жүруде. Теміртауда орналасқан 1-ГРЭС-ке жөндеу жұмыстары 2005-жылы жеке өткеннен кейін жасалмаған. ГРЭС-те өндірістік қауіпсіздік шаралары мүлдемге қолданылмайды, бір топ депутаттар өндіріс орнымен танысқан кезде дәнекерлеу жұмыстары жүріп жатқан жерде оттегі баллондары ашық жатқандығының куәсі болды. Өрт қауіпсізд

Өткен аптада «AMANAT» Фракциясы мүшелері теміртау қаласының жылумен қамту объектілерінің жай-күйімен танысты. Миттал мырза иелік ететін 2-ТЭЦ-тың жөндеу жұмыстары графикке сәйкес келмейді. Котел, турбогенераторларды жөндеуге келісім-шарттар жасалмаған, басқа да жөндеу жұмыстары баяу жүруде. Теміртауда орналасқан 1-ГРЭС-ке жөндеу жұмыстары 2005-жылы жеке өткеннен кейін жасалмаған. ГРЭС-те өндірістік қауіпсіздік шаралары мүлдемге қолданылмайды, бір топ депутаттар өндіріс орнымен танысқан кезде дәнекерлеу жұмыстары жүріп жатқан жерде оттегі баллондары ашық жатқандығының куәсі болды. Өрт қауіпсіздігі шаралары мүлдемге қолданылмайды. Кәсіпорында өнеркәсіп орнының ластығына қарамастан, өрт қауіпсіздігі іс-шаралары мен адамдарды өндірістік қорғау шаралары мүлдемге іс-жүзіне асырылмаған. Егер ГРЭС-тің территориясына кірсеңіз «апокалипсис» аймағына өткендей сезім аласыз. Бұзылған ғимарат, қисайған мұржа, лас айнала. Ал 1-ГРЭС-тің иесіне іздеу жарияланған, өзі Лондонда тұрады! Әрине, құрылтайшы ретінде оған дивиденд түсіп тұрады! Мұндай «шектен шыққан» тырнақшаның ішідегі бизнесмендерге жергілікті құзырлы органдардың шамалары жетпейді. Өйткені олардың «көкелері» жоғарыда. Қала, облыс басшылығы келесі қыста халықты жылумен қамтамассыз ету үшін күн-түн демей еңбектенуде! Біз халық пен жергілікті басшылықтың еңбегін еш етпеуіміз керек! Теміртау қаласындағы жылумен қамту мәселелерін үкімет бақылауға алу қажет деп есептейміз. Теміртау 1-ГРЭС-інде қалыптасқан жағдайға байланысты Энергетика, Төтенше жағдайлар министрлігі бірлескен комиссия жіберіп еңбек, өндіріс қауіпсіздігі мәселелерін тексеруі тиіс! Ол жерде техногендік жағдай болуы ықтимал. Адамдардың өміріне нақты қауіп бар. Бас Прокуратура Теміртау 1-ГРЭС-нің жекешеленуінің заңдылық дәрежесін анықтай отырып, техногенді тұрғыдан кәсіорынның еліміздің заңдарын сақтау дәрежесін анықтауы өзекті. Сауалға заңда көрсетілген мерзімде, дәлелді жауап берулеріңізді сұраймыз- Е.Саиров, М.Ескендіров.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.