ОПЕК+ Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің (JMMC) 53-ші отырысының қорытындысы


Новости / 03 апр 2024 21

Бүгін 2024 жылдың 3 сәуірінде бейнеконференция форматында Министрліктің бірлескен мониторинг комитетінің (JMMC) 53-ші отырысы өтті.

Отырыста  қатысуші елдердің 2024 жылғы қаңтар мен ақпандағы міндеттемелерін орындауы талқыланды. Қатысушы елдердің міндеттемелерді орындауының жоғары деңгейі атап өтілді.

Комитет Ирак Республикасы мен Қазақстан Республикасының міндеттемелерді толығымен сақтау және артық өндірісті өтеу ниетін, сондай-ақ Ресей Федерациясының 2024 жылдың екінші тоқсанында экспорт емес, өндіріс есебінен ерікті түрде қысқарту туралы өтінішін қолдады.

Комитет ОПЕК+ бұрын қабылданған барлық шешімдерінің орындалуына мониторинг жүргізуді және қажетті ден қою мақсатында нарықтық жағдайларды бағалауды жалғастырады.

Келесі JMMC отырысы (54-ші) 2024 жылдың 1 маусымына жоспарланған.(Дереккөз: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.