Мәжіліс Өзбекстанмен екі елдің кедендік шекарасы арқылы энергия ресурстарын өткізу туралы келісімді қарайды


Политика / 05 сен 2023 22

Астана, 5 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төралағымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттардың талқылауына Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша энергия ресурстарын өткізу кезіндегі бірлескен кедендік бақылау туралы келісімді ратификациялау ұсынылады. Сонымен қатар Палата комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алады. Олар: Салық кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер, жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы кейбір мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттеуге беруге қатысты өзгерістер, сондай-ақ бірқатар халықаралық құжаттар.

Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген – Ж. Жұмабеков.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.