Мәжіліс депутаттары Алматыда жаңа дәрігерлік амбулатория орталығының құрылыс жұмысымен танысты


Общество / 25 авг 2023 20

Орталық «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы шеңберінде салынуда

Алматы қаласына Мәжіліс депутаттары «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айгүл Құспан мен Никита Шаталов заманауи отбасылық-дәрігерлік амбулаториялық орталыққа барды.

Қазіргі уақытта Алматы қаласына қарасты Кемел ауданында 124 мың пациенті бар үш емхана ғана медициналық қызмет көрсетеді. Қалған 50 мың тұрғын көрші аудандарға медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр. Медициналық мекемелердің ең өткір тапшылығы дәл осы Кемел шағын ауданында, Саяхат автовокзалының жанында және Жұмысшы кентінің тұрғын алабында сезіледі.

– Жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория жалпы практика дәрігерлерінің, педиатрлардың, акушер-гинекологтардың, отбасын жоспарлау, дені сау бала, дәрігерге дейінгі, рәсімдік және егу кабинеттерін қоса алғанда, медициналық қызметтер ұсынатын болады. Мұнда біздің азаматтарға білікті медициналық көмек алу үшін барлық жағдайлар жасалады. Тұрғындар бұл амбулаторияны асыға күтетініне және барлық медициналық қызметтерді қуана пайдаланатынына сенімдімін, – деді Айгүл Құспан. Қазіргі уақытта нысан 97%-ға аяқталды, жарықтандыру құрылғыларын әрлеу және орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жасалуда. Нысанды тапсыру осы жылдың соңына дейін жоспарланған. Медициналық филиал ашылғаннан кейін Кемел шағын ауданының 22 000-нан астам тұрғыны өз аймағында білікті медициналық көмек ала алады.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.