Министр елдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлар туралы айтты
Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті арттыру мақсатында электр энергетикасы саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары қабылданды, оған сәйкес қолданыстағы жобаларды жаңғыртудың бірқатар жобаларын іске асыру, сондай-ақ шамамен 26 ГВт жиынтық қуатқа жаңа қуаттарды енгізу көзделген. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ведомствоның алқа отырысында хабарлады.
Жоспарларға сәйкес оңтүстік өңірлерде белгіленген қуаттылығы шамамен 2,3 ГВт газ генерациялау жобалары іске асырылуда, 2025 – 2026 жылдары аяқталады (Түркістан, Қызылорда облыстарында қуаттылығы 926,5 МВт және 240 МВт, сондай-ақ Алматы қ. ЖЭО-3 және ЖЭО-2 алаңдарында қуаттылығы 544 МВт және 557 МВт).
Жалпы қуаты 6,7 ГВт газ және көміргенерациясының қосымша жобалары, оның ішіндешамамен 2,4 ГВт маневрлік генерацияны іріктеубойынша аукциондық сауда-саттық шеңберінде іскеасырылатын болады.
Мемлекет басшысының Катарға сапары аясында Қызылорда облысында қуаты шамамен 1,1 ГВт бу-газ қондырғысын салу жобасын іске асыру жөніндегі қағидаттар туралы келісімге (Heads of Agreement) қол қойылды.
Осылайша, Total Energies (Франция), Acwa Power (Сауд Арабиясы) және Masdar (БАӘ) компанияларымен бірлесіп жалпы қуаты 3 ГВт ЖЭК жобаларын іске асыру басталды (әрқайсысы 1 ГВт-тан, жобалардың орналасқан жері 1 кВт/сағ бағасын ескере отырып анықталады, ЖПҚ ратификациялау бойынша жұмыс жүргізілуде).
2024 жылға арналған жоспарлар:
-
Батыс Қазақстанның электр желілерін БЭЖ-ге қосу жобасы бойынша жұмыс жалғасатын болады (жоба елдің энергия қауіпсіздігін арттыруға және елдің энергия теңгеріміне батыс облыстарының газ қуаттарын тартуға мүмкіндік береді);
-
Екібастұз ГРЭС-1 (500 МВт) бірінші энергия блогын қалпына келтіру бойынша ауқымды жобаны аяқтау;
-
Топар ГРЭС (130 МВт) және Атырау ЖЭО (65 МВт) қосымша қуаттарды іске қосу;
-
жалпы қуаты 259 МВт ЖЭК 11 объектісін енгізу;
-
энергия объектілері мен электр беру желілерінде күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілетін болады.
Сонымен қатар 10 энергоблокты, 55 энергетикалық қазандықты және 45 турбинаны күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеу, сондай-ақ жалпы ұзындығы 20,9 мың км электр беру желілерінде және 423 қосалқы станцияда жөндеу жүргізу жоспарланған.(Дереккөз:ortcom)