МАҢҒЫСТАУ ПРОКУРОРЛАРЫ АДАМНЫҢ ӨЛІМІН ОЙЫНҒА АЙНАЛДЫРДЫ МА?


Ақтау қалалық сотының өндірісінде сотталушылар Жұмағазы Айдар Нұрболатұлы мен Исатай Арназ Құдабайұлына қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі, 106-бабы 3-бөлігі және 389-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деген айыппен №224710031001185 қылмыстық істі тергелген.

Қазақбаева Раушан аталган қылмыстық іс бойынша С.С. Жолдыбаевтын өліміне байланысты жәбірлеунші. 2022 жылы 14-мамырда сағат 01:37 шамасында Жұмағазы А.Н. мен Исатай А.Қ., Ақтау қаласы, 11-шағынаудан, 36 үйдің 3-қабаттағы №7 пәтерінің терезесінен С.Жолдыбаев «Дос маркет» дүкенінің шатыры арқылы жерге түсіп бара жатқаның көріп, өздерінің қылмыстық әрекеттері себеп болуы мүмкін екенің түсіне отырып және қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеумен, күш қолданумен соңғының деңсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында, оның өміріне қауіпті, яғни жәбірленуші С.Жолдыбаевтың басы мен өмірлік маңызды мүшелеріне аса катыгездікпен аяқ колдарымен бірнеше рет ұрып ауыр соққылар жасағанын анасы Раушан айтып кетті. 18.05.2022 жылы сағат 13:28-де С.Жолдыбаев өміріне сәйкес келмейтін алған жарақаттары салдарынан Ақтау қаласындағы МОКА ШЖҚ МКК «Хирургия орталығы» реанимация бөлімшесінде қайтыс болды. 09.06.2022 жылғы №20-19-08-07/140 Сот-гистологиялық зертеу сарапшысының қортындысына сай, С.Жолдыбаевтың өлімі мойынның, көмей жұтқыншақтың, кеңірдектің, көмейдің жұмсақ тіндерінің, дауыс желбезектерінің, қатпарлардың, қарыншалардың қан кетуінің және кең көлемде ісінуінің нәтижесінде тыныс алу жеткіліксіздігінен, дауыс санылауының тарылуымен көмей саңылауына шығып тұратын мойынның тұйық жаракаты салдарынан болган. Сонымен қатар С.С. Жолдыбаевтың мәйітін сот-медициналық сараптау кезінде қосылган катетерден нүктелі жаралар түріндегі медициналык манипуляция іздерінен басқа зақымданулар анықталды. Қазақбаева Раушанның адвокаты сот отырысында үй қамағына алынған соттаушылар жұмысқа шығып жүргені туралы сот отырысында айтып, заңсыз әркетке барып отыр деп кетті. Бірақ, бұған судья еш жауап бермеді. "Адамның өліміне қатысы бар деген күдіктілерді үй қамағына жібергені дұрыс емес"- деп отыр Қазақбаева Раушан.

Журналистік зерттеу агенттігі "Xaqmedia.kz"-87774717140

https://www.youtube.com/watch?v=NCDMmiPrsfk

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.