ҚМА жұмысы нәтижесінде Ұлытау облысындағы екі ауылдың тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді


Новости / 12 янв 2024 26

Ұлытау облысындағы екі елді мекеннің тұрғындары Агенттіктің аумақтық Департамент қызметкерлерінің араласуынан кейін газбен жабдықтауға қосылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қабанбай батыр кенті мен Талап ауылында ұзақ уақыт бойы газ тарату желісінің жабдығына қосылу мүмкіндігі болмаған, ал «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы азаматтардан 70-тен 300 мың теңгеге дейін ақшалай сыйақы сұраған.

Олар бұл қаражатты тұрғын үйлер мен шаруашылық объектілерін газдандыру бойынша монтаждау жұмыстарының сапасын тексермей, кедергісіз қабылдау үшін талап еткен. 2023 жылғы қыркүйекте ҚМА департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қазіргі уақытта аталған елді мекендерді газдандыру мәселесі шешілді, тұрғындардың үйлеріне көк отын жеткізілді.

Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. https://t.me/afm_insider_bot Анонимділікке кепілдік беріледі.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.