ҚМА-да цифрлық технологиялар саласындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу мақсатында арнайы бөлімшелер құрылды


Новости / 07 авг 2024 12

Цифрлық технологиялар саласындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу мақсатында ҚМА-да арнайы бөлімшелер құрылды. Олармен жүргізілген жұмыс нәтижесінде цифрлық активтердің заңсыз айналымы мен майнингке қатысты жалпы ақш айналымы 36 млрд теңгеден асатын 18 қылмыс анықталды, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

2024 жылғы 22 сәуірде сот үкімімен 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта криптовалютаны заңсыз айырбастаумен айналысқан РФ азаматы қылмыстық жолмен табылған 58 млн теңге мүлкі мен 5,8 млрд теңге көлеміндегі қылмыстық кіріс сомасы тәркіленіп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

«ҚМА «Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында цифрлық майнинг қызметі лицензиялауға жатады, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығару және айналымы, сондай-ақ осыған ұқсас биржалар қызметі Халықаралық «Астана» қаржы орталығы аумағында ғана жүзеге асырылылатынын хабарлайды. Егер Сізге өкілетін теріс пайдалану, мүлікті жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылық фактілері мәлім болса бұл жөнінде «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Құпиялығына кепіл береміз», – делінген хабарламада.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.