"КУӘГЕРГЕ ҚЫСЫМ ЖАСАП, ҚОРҚЫТҚАН АНТИКОР ҚЫЗМЕТКЕРІ"


25 қаңтар 2024 жылы Павлодар облысының жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерлері Ертіс орманы мемлекеттік орман табиғи резерватының басшысы Бектемиров Арманды шақыртып, 26 қаңтар 2024 жылы тергеу сотының санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алған.

Бектемиров Арманды пара алу фактілерін анықтады деп жария еткен. Ертіс орманы мемлекеттік орман табиғи резерватының қызметкері куәгер болған Бегимбетов Александрдың жазған арызы бойынша қамауға алынғаны туралы айтылды. Куәгер Бегимбетов Александрдың айтуынша тергеуші Садықов З. тергеу уақытында дөрекілік көрсетіп, қорқытып, қысым жасап арызды Бектемировке қарсы жаздыртқан. Заңды білмеген Бегимбетов Александардың тергеу уақытында адвокаты болмай шыққан. Тергеу уақыты 4 сағаттан асып, таңға жуық жемқорлыққа қарсы департаменттен шыққан. Қазіргі уақытта куәгер Астана қаласына келіп, Бас прокурордан көмек сұрап, жазған арызы жалған екенін айтты.

Журналистік зерттеу агенттігі "Xaqmedia.kz"-87774717140

https://www.youtube.com/watch?v=aIY2zCYBeMk

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.