Каспий теңізіне шамамен 17 млрд текше метр су жіберілді


Новости / 04 ноя 2024 5

Жыл басынан бері Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне 16,7 млрд текше метр су жіберілді. Толығырақ, Жайық өзенінің орташа көпжылдық ағыны 9,46 текше шақырымды құрайтын. Бірақ, биылғы жылы су көлемі орташа жылдық нормадан асып түсті, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Өзен ағыны Ресейдегі Ириклин су қоймасынан жіберілген су көлеміне байланысты қалыптасады.

«Жыл басынан бері министрлік өкілдері Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерінен келген әріптестерімен трансшекаралық өзендер мәселелері бойынша 28 кездесу өткізді. Су тасқыны кезеңінде су көлемін реттеу бойынша келіссөздер күшейтілген режимде жүргізілетін болады», – деп атап өтті су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.