АӨК саласында 15 трансұлттық компанияның ірі жобалары іске асырылады


Новости / 22 мая 2025 5

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі шетелдік және трансұлттық ірі компанияларды тарту бойынша да белсенді жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы саласындағы 15 шетелдік трансұлттық компанияның ірі жобалары бар.

Бұл жобалардың жалпы құны 4 трлн долларды құрайды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының айтуынша, биыл түркиялық «Alsera» компаниясымен Қазақстанда 500 га аумақта жылыжай кешенін салу және араб елдерінің «QazaqArab Sugar» компаниясымен «Қазақстанда қант зауытын салу» жобасы бойынша келісімшарттарға қол қойылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы 8 жоба бойынша қосымша инвестициялық келісімдерге қол қою мүмкіндігі пысықталып жатыр. Спикер оның ішіндегі ең ірілеріне тоқталды.

«Қытайлық «Fufeng Group» компаниясымен жүгеріні терең өңдеу, америкалық «PepsiCo» компаниясымен Алматы облысында тұзды тағамдар шығаратын зауыт құрылысы, венгриялық «UBM Group» компаниясымен бірнеше облыста құрама жем зауыттарын салу, қытайлық «Dalian Hesheng» компаниясымен дәнді дақылдарды терең өңдеу; түркиялық «Tiryaki Holding» компаниясының дәнді және бұршақты дақылдарды терең өңдеу жобалары бар», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Вице-министр АӨК саласына инвестиция тарту жұмысы жалғасатын атап өтті.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.