Энергетика министрлігі Қашаған сұйытылған мұнай газын Қазақстан нарығына жеткізу бойынша алдын ала келісімге келді


Новости / 16 янв 2024 19

Бүгін, 2024 жылғы 16 қаңтарда Үкіметтің ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Энергетика министрлігі Қашаған кен орнының акционерлерімен бірлесіп сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа жеткізу туралы алдын ала келісімге қол жеткізді.

Алдын ала келісімге сәйкес, «QazaqGaz» ұлттық компаниясы Қашаған кен орнының акционерлерімен «Болашақ» біріктірілген мұнай және газды кешенді қайта өңдеу қондырғысында өндірілген сұйытылған мұнай газының болашақ әлеуетті жеткізілімдері туралы келіссөздер жүргізуге ұсынылып отыр.

Бүгінгі таңда тараптар 2024 жылы сұйытылған мұнай газы саласындағы инфрақұрылымдық жоба бойынша түпкілікті инвестициялық шешім қабылдау бағытында ынтымақтастық жүргізуде.

Қазақстандық нарыққа сұйытылған мұнай газын жеткізу 2025 жылдың соңына қарай басталады деп жоспарлануда.

2027 жылға қарай Қашаған кен орындарындағы инфрақұрылымдық жұмыстар аяқталғаннан кейін СМГ өндірісінің көлемі жылына 700 мың тоннаға жетеді.

(Дереккөз: Энергетика министрлігі)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.