Еңбек министрлігі: жұмыс орындарын құру мониторингі жүйесінің прототипі әзірленді


Новости / 29 авг 2024 18

Өңірлер, ұлттық тұжырымдамалар мен бағдарламалар, жеке бастамалар бөлінісінде жұмыс орындарын құруды мониторингтеу үшін мемлекеттік бағдарламалардың нәтижелілігін, тиімділігін нақты уақыт режимінде іс жүзінде бақылауға мүмкіндік беретін тиісті ішкі жүйе әзірленді.

«Ең жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік жоспарлау жүйесін трансформациялау, Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерімен және сатып алу порталымен интеграциялау бөлігінде мемлекеттік инвестициялар тиімділігінің мониторингі жүйесін одан әрі кеңейту қажет. Еңбек министрлігі осындай жүйенің прототипін жасады. Бұл жобаны іске асыру іс жүзінде қажетті еңбек ресурстары жоқ жеткізушілерді алып тастау есебінен бөлінетін бюджет қаражатының әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді», - деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.