Қазақстан палестиналықтардың өз мемлекетін құру құқығын қолдайды, деп СІМ басшысы мәлімдеді


Новости, Политика / 12 ноя 2023 23

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен Араб мемлекеттері лигасы мен Ислам ынтымақтастық ұйымының кезектен тыс бірлескен саммитінде мәлімдеді.

Мұрат Нұртілеу. Фото: Arda Kucukkaya/Anadolu via Getty Image

Палестина халқының бейбіт және қауіпсіз болашағын қамтамасыз етудің жалғыз жолы - БҰҰ қарарларына сәйкес «Екі халық үшін екі мемлекет» формуласы деп санайды.

Мұрат Нұртілеу «Қазақстан палестиналықтардың өзін-өзі анықтауға және халықаралық деңгейде мойындалған Палестина мемлекетін құруға заңды құқықтарын толығымен қолдайды» деп атап өтті.

«Қазақстан Газа секторындағы соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақыра отырып, Ислам ынтымақтастық ұйымға мүше елдермен ынтымақтастығын көрсетті және көрсетуде», - деді министр. Сондай-ақ министр Қазақстанның Газа секторында жүрген 150-ден астам азаматының Рафак бақылау-өткізу бекеті арқылы кете алмайтындығына алаңдаушылық білдірді.

"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мысырды және оған қатысы бар барлық тараптарды Газа секторынан Қазақстан азаматтарын, олардың отбасы мүшелерін және басқа да шетелдіктерді сөзсіз эвакуациялауға рұқсат беруге шақырамын. Біз бұл азаматтарды тез арада Қазақстанға көшіру үшін шаралар қабылдадық. Өйткені оларға Рафакты кесіп өтуге рұқсат етілген», - деп қосты.

Дереккөз: nur.kz

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.