«ҚАЗАҚСТАН ҮКІМЕТІ ӨЗБЕКСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙМЕН ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРДЕ СУ БӨЛУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМДЕРГЕ ҚОЛ ҚОЮДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР»,- НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ


Новости / 30 янв 2024 21

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында трансшекаралық су ағындарын бірлесіп пайдалану және шекаралас мемлекеттермен ынтымақтастықты дамыту бағытындағы іс-шаралар туралы айтты. Бүгінде еліміздегі сегіз су шаруашылығы бассейнінің жетеуі трансшекаралық болып табылады.

Министрлік трансшекаралық су объектілерін пайдалану және қорғау жөніндегі келіссөздер тобы мүшелерінің құзыретін күшейтуге ниетті. Сондай-ақ ведомствода су дипломатиясымен айналысатын департамент құру жоспарланып отыр. «Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында мемлекетаралық су қатынастарын дамыту үшін Қазақстан Үкіметі мен Өзбекстан және Қытай Халық Республикасы арасында трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару, пайдалану және су бөлу туралы келісімдерге қол қою көзделген. Бұдан бөлек, министрлік Орталық Азия елдерінің су-энергетикалық ынтымақтастығы келісім жобасын әзірлеп жатыр»,- деді министр Нұржан Нұржігітов.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.