Алматылық кәсіпкерлерге тауар белгілерін тіркеудің маңыздылығы туралы айтылды
Кәсіпкерлерге тауар белгілерін тіркеу не үшін қажет, тіркеудің өндірушілер мен пайдаланушыларға қандай пайдасы бар, осы және басқа да сұрақтарға Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері жауап берді.
«Зияткерлік меншікті қорғаудың маңызды аспектілерінің бірі – тауар белгілерін қорғау. Тауар белгілерін тіркеу және қорғау заңнамаға және халықаралық келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады. Аумақтық әділет органдары тіркелген тауар белгілерін заңсыз пайдаланудың жолын кесуде және құқық иелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауда ...
Кәсіпкерлерге тауар белгілерін тіркеу не үшін қажет, тіркеудің өндірушілер мен пайдаланушыларға қандай пайдасы бар, осы және басқа да сұрақтарға Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері жауап берді.
«Зияткерлік меншікті қорғаудың маңызды аспектілерінің бірі – тауар белгілерін қорғау. Тауар белгілерін тіркеу және қорғау заңнамаға және халықаралық келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады. Аумақтық әділет органдары тіркелген тауар белгілерін заңсыз пайдаланудың жолын кесуде және құқық иелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауда маңызды рөл атқарады. Сауда белгілері тұтынушылар үшін үлкен маңызға ие, өйткені олар тауарларды таңдауда нұсқаулық ретінде қызмет етеді және белгілі бір сапа мен сенімділікпен байланысты. Олар сондай-ақ өндірушілерге өз тауарларын нарықта тануға және маркетингтік стратегияларды құруға көмектеседі», – деді Алматы қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Еркебұлан Жетпісбаев.
Спикер қазіргі уақытта тауар белгілерінің функциялары контрафактілік өнімдердің таралуына және басқа адамдардың белгілерді теріс пайдалануына байланысты жиі бұзылатынын айтып, толықтырды. Бұл экономика мен тұтынушыларға теріс әсер етеді.
«Тауар белгілерін құқықтық қорғау тек өндірушілер үшін ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін де маңызды. Ол бейіндік заңдармен және халықаралық шарттармен реттеледі. Әділет органдары заңнамаға сәйкес тауар белгілерінің пайдаланылуын мемлекеттік бақылау функцияларын орындайды және олардың заңды пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін тексерулер жүргізеді. Алматы қаласының Әділет департаменті жеке және заңды тұлғалардың тауар таңбаларын және басқа да зияткерлік меншік объектілерін пайдалану ережелерінің сақталуына тексерулерді белсенді жүзеге асырады», – деп бөлісті Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз хатшысы Алмас Бекботаев.
Осы саладағы құқық бұзушылықтарға келетін болсақ, жыл басынан бері Департаментпен 5 млн теңгеден астам сомаға 6 788 мың контрафактілік өнімді алып қою бойынша 16 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде жалпы сомасы 4,5 млн теңгеден асатын 5 862 бірлігі тәркіленді. Салынған айыппұлдар сомасы 900 мың теңгені құрады.
Мемлекеттік кірістер департаменті және құқық иеленушімен бірлесіп тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз әкелуге жол берілмеді. Мысалы, құқық иелерінің келісімінсіз жалпы салмағы 5,5 тонна болатын кір жуғыш ұнтақтың 1640 қаптамасын және 600 дана қырыну станоктарын әкелу тоқтатылды.
«Департаменттің күш-жігері құқық иеленушілердің мүдделерін қорғауға және кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Мақсаты құқық иеленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету, тұтынушыларды контрафактіден қорғау және нарықта адал бәсекелестікті қолдау», – деп атап өтті спикер.
Тауар белгісін тіркеу үшін Авторлық құқық иесі Ұлттық зияткерлік меншік институтына qazpatent.kz. ресми сайты арқылы жүгінуі керек. Тауар таңбасын тіркеу процесі 7 айға дейін созылуы мүмкін. Процесс бұрыннан бар сауда белгілеріне ұқсастықты талдауды және жалпы қабылданған ережелер мен нормаларды тексеруді қамтиды. Айта кету керек, тауар таңбасын қорғау ол тіркелген аумақта ғана қолданылады.