2023 жылғы 10 айда банктер 1,8 трлн теңге мөлшерінде пайда тапты


Новости / 01 дек 2023 27

Банк секторының ағымдағы тәуекелдерді өтеу үшін жеткілікті капитал қоры бар. Меншікті капиталы 6,4 трлн теңгені құрады, ол бөлінбеген пайданы ұлғайту есебінен жыл басынан бері 22,7%-ға ұлғайды.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың хабарлауынша, 2023 жылғы 10 айда банктер 1,8 трлн теңге мөлшерінде пайда тапты, бұл 2022 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 53,7%-ға артық. Ол көп жағдайда банктердің пайыздық кірістерінің ұлғаюына байланысты болды.

«Банк активтері рентабельділігінің көрсеткіші 4,6%-ды, капитал рентабельділігі 36,2%-ды, банктердің өтімділігі жоғары активтері 1 қарашадағы жағдай бойынша 14,6 трлн теңгені немесе активтердің 30%-ын құрады. Бұл банктердің клиенттер алдындағы міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуіне мүмкіндік береді», - деді ол ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, портфель сапасының көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды. Жұмыс істемейтін кредиттер коэффициенті тарихи тұрғыдан ең төмен мәнге жетіп, 2022 жылдың басынан бері 3,3% деңгейінде сақталып отыр. Бұл көлемнің 73,1%-ы провизиялармен, қарыздардың қалған бөлігі тұрақты кепіл түрлерімен өтелді.

Дереккөз: ortcom

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.